Архив доступен 0 сообщений С – года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА ВРУЧИЛ ГОСНАГРАДЫ ЛУЧШИМ МЕДРАБОТНИКАМ: РАЗВИТИЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ – СТРАТЕГИЧЕСКАЯ ЗАДАЧА

Сегодня в Акорде состоялась торжественная церемония чествования медицинских работников, на которой Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев поздравил медицинских работников с профессиональным праздником и вручил государственные награды лучшим представителя отрасли здравоохранения.

Для всего медицинского сообщества особое значение имеют слова Президента о том, что здоровье нации является наивысшей ценностью государства, а развитие здравоохранения — одной из стратегических задач страны.

«Народная мудрость гласит: "Здоровье – главное богатство". Здоровье нации – это действительно наивысшая ценность для нашей страны. Поэтому развитие сферы медицины является стратегической задачей государства», — отметил Глава государства.

Президент выразил искреннюю благодарность всем медицинским работникам за их самоотверженный труд, высокий профессионализм и верность своему призванию.

Особенно важно, что вопросы охраны здоровья граждан получили конституционный статус и закреплены в Основном законе страны. Это свидетельствует о том, что сохранение жизни и здоровья человека является безусловным государственным приоритетом и предметом общей ответственности государства и общества.

“Это стало важным шагом, показывающим, что сохранение человеческой жизни – не только задача медиков, но и ответственность всего общества» – сказал Президент на церемонии чествования медработников страны.

ДеньМедицинскогоРаботника

Лучший врач стационара

Марат Серикович Алматов — нейрохирург Центральной городской клинической больницы Алматы.

Более 20 лет он помогает пациентам, столкнувшимся с тяжелыми заболеваниями нервной системы.

За эти годы тысячи людей благодаря его работе смогли вновь встать на ноги, избавиться от боли и вернуться к привычной жизни.

Марат Алматов выполняет сложные нейрохирургические операции при заболеваниях позвоночника, эпилепсии, сколиозе, последствиях инсультов и травм.

Он помогает пациентам с сосудистыми заболеваниями головного мозга, хронической болью, двигательными нарушениями и патологиями периферической нервной системы.

Нейрохирургия — это специальность, где нет права на ошибку. Каждое движение врача требует предельной концентрации, огромного опыта и ювелирной точности. Порой судьбу человека решают миллиметры, а за каждым успешным вмешательством стоят часы напряженной работы, ответственность и преданность своему делу.

Для многих пациентов Марат Серикович становится не просто врачом, а человеком, который возвращает надежду тогда, когда кажется, что выход найти невозможно.

Достарбаев Бағдат Жаханұлы күнде өмір мен өлімнің арасы кейде санаулы минуттармен өлшенетін жерге келеді.

Ол Алматы қаласындағы №2 Қалалық перинаталдық орталықтың реанимация бөлімшесінің меңгерушісі. Достарбаев Бағдат Жаханұлы 15 жылдан бері ең ауыр жағдайдағы пациенттердің өмірін сақтап қалуға көмектесіп келеді.

Акушерлік реанимацияда дәрігерлер бір мезетте екі адамның – ана мен баланың өміріне жауап береді. Әрбір аман алып қалудың артында ұйқысыз түндер, күрделі шешімдер, мол тәжірибе және зор жауапкершілік жатыр.

Жылдар бойы оның алдынан мыңдаған әйел өтті. Солардың әрқайсысына ең қымбат сый – өмір сүру, балаларын өсіру және жақындарының жанында болу мүмкіндігі бұйырды.

Ол өзін батырмын деп есептемейді. Ол тек күн сайын алаңдаушылықтың орнын үміт басуы үшін, аналардың сәбиін құшағына алып, аман-есен үйлеріне оралуы үшін бар күш-жігерін салады.

Дәрігердің шынайы миссиясы да осында – адам өмірін сақтап қалу.

Каждый день он приходит туда, где между жизнью и смертью порой проходят считанные минуты.

Достарбаев Багдат Жаханович — заведующий отделением реанимации Городского перинатального центра №2 Алматы. Уже 15 лет он помогает спасать самых тяжелых пациенток.

В акушерской реанимации врачи отвечают сразу за две жизни — мамы и ребёнка. За каждым спасением стоят бессонные ночи, сложные решения, опыт и огромная ответственность.

За годы работы через его руки прошли тысячи женщин, которым удалось подарить самое главное — возможность жить, растить детей и быть рядом со своими близкими.

Он не называет себя героем. Просто каждый день делает всё возможное, чтобы там, где была тревога, появлялась надежда. Чтобы мамы возвращались домой, держа на руках своих малышей.

В этом и есть настоящее призвание врача — сохранять жизнь.

СУР 2.0: МИНЗДРАВ ДАЛ МЕСЯЦ НА АКТУАЛИЗАЦИЮ ДАННЫХ ПО КАДРОВОМУ ОБЕСПЕЧЕНИЮ

В Министерстве здравоохранения РК рассмотрели вопросы кадрового обеспечения отрасли, подготовки медицинских специалистов и развития медицинского образования.

Министр здравоохранения Акмарал Альназарова поручила в течение месяца завершить актуализацию данных в информационной системе СУР 2.0 (система управления ресурсами), что позволит сформировать объективную картину обеспеченности медицинскими кадрами и повысить эффективность кадрового планирования.

По данным ведомства, на 1 января 2026 года в системе здравоохранения страны работают более 276 тыс. медицинских работников, в том числе почти 86,5 тыс. врачей и 189,5 тыс. специалистов среднего медицинского персонала.

При этом официальный дефицит врачебных кадров составляет 23 161 штатных единиц, среднего медицинского персонала – 22 649.

Внедрение ИС СУР 2.0 позволило выявить более высокий уровень фактической потребности медицинских организаций – 23 161 вакантную ставку врачей и 22 649 ставку среднего медицинского персонала.

Несмотря на устойчивую тенденцию снижения кадрового дефицита в последние годы, цифровые инструменты позволяют точнее оценивать реальную потребность отрасли в специалистах.

Отдельное внимание уделено вопросам закрепления специалистов в регионах. Министерством поручено усилить работу по привлечению и удержанию медицинских кадров, в том числе за счет расширения мер социальной поддержки.

Анализ показал, что эффективность таких мер напрямую влияет на кадровую обеспеченность медицинских организаций. В 2025 году различными видами социальной поддержки были охвачены 1 760 врачей, что более чем в два раза превышает показатель 2024 года. Из них свыше тысячи специалистов работают в сельской местности.

Вместе с тем, в ряде регионов, где меры поддержки реализуются недостаточно активно, сохраняется рост дефицита врачебных кадров.

Также будет усилен контроль за распределением выпускников медицинских организаций образования и обеспечением регионов молодыми специалистами, их трудоустройством и закреплением в системе здравоохранения.

В текущем году комиссиями по распределению в регионах будут рассмотрены вопросы трудоустройства 8 495 выпускников медицинских вузов.

РБЖ 2.0: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ КАДРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕРЕКТЕРІН ӨЗЕКТЕНДІРУГЕ БІР АЙ МЕРЗІМ БЕРДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде саланы кадрлық қамтамасыз ету, медициналық мамандар даярлау және медициналық білім беруді дамыту мәселелері қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бір айдың ішінде РБЖ 2.0 ақпараттық жүйесіндегі (ресурстарды басқару жүйесі) деректерді өзектендіру жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Бұл медициналық кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейін объективті бағалауға және кадрлық жоспарлау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ведомствоның дерегі бойынша 2026 жылғы 1 қаңтарда еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 276 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 86,5 мыңға жуық дәрігер және 189,5 мың орта буын медицина қызметкері бар.

Сонымен қатар, дәрігер кадрларының ресми тапшылығы 23 161 штаттық бірлікті, ал орта буын медицина қызметкерлерінің тапшылығы 22 649 штаттық бірлікті құрайды.

РБЖ2.0 ақпараттық жүйесін енгізу медициналық ұйымдардың нақты кадрлық қажеттілігінің жоғары екенін анықтауға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, дәрігерлер бойынша 23 161 бос штаттық бірлік және орта буын медицина қызметкерлері бойынша 22 649 бос штаттық бірлік тіркелген.

Соңғы жылдары кадр тапшылығының біртіндеп азаю үрдісі сақталғанымен, цифрлық құралдар саланың мамандарға деген нақты қажеттілігін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.

Өңірлерде мамандарды тұрақтандыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Министрлік медициналық кадрларды тарту және ұстап қалу жұмыстарын күшейтуді, оның ішінде әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуді тапсырды.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, мұндай қолдау шараларының тиімділігі медициналық ұйымдардың кадрлық қамтамасыз етілуіне тікелей әсер етеді. 2025 жылы әлеуметтік қолдаудың түрлі түрлерімен 1 760 дәрігер қамтылды, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен екі еседен астам жоғары. Оның ішінде мыңнан астам маман ауылдық жерлерде еңбек етеді.

Сонымен қатар, қолдау шаралары жеткілікті деңгейде іске асырылмай отырған бірқатар өңірлерде дәрігер кадрлары тапшылығының өсуі сақталуда.

Сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдары түлектерін өңірлерге бөлу, жас мамандармен қамтамасыз ету, олардың жұмысқа орналасуы мен денсаулық сақтау жүйесінде тұрақтап қалуын бақылау күшейтіледі.

Биыл өңірлік бөлу комиссиялары медициналық жоғары оқу орындарының 8 495 түлегін жұмысқа орналастыру мәселелерін қарайтын болады.

Бұл жай ғана мамандық емес. Бұл жай ғана жұмыс емес. Бұл жай ғана өмірлік таңдау емес. Сіз күн сайын адамдардың денсаулығы мен өміріне тікелей қатысты шешімдер қабылдайсыз.

Сіз өмірге келген сәбилерді алғаш қарсы алып, пациенттерге ең қиын сәттерде көмек көрсетесіз. Басқалар тынығып жатқанда еңбек етесіз. Барынша жинақылық қажет болатын жағдайда сабыр сақтайсыз. Үміт аса қажет болған кезде адамдарға сенім мен үміт сыйлайсыз.

Бүгін біз өмірін медицинаға арнаған жандардың барлығына – дәрігерлерге, мейіргерлерге, фельдшерлерге, санитарларға, зертхана мамандарына, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушыларына, ғалымдарға және денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

Егер бұл бейнежазба жүрегіңізге жетсе, медицина қызметкерлерін қолдаңыз – оны өз парақшаңызда бөлісіңіз.

Не просто профессия. Не просто работа. Не просто призвание.

Каждый день вы принимаете решения, от которых зависят здоровье и жизнь людей.

Вы встречаете первых новорожденных и помогаете пациентам в самые сложные моменты. Вы работаете тогда, когда другие отдыхают. Сохраняете спокойствие там, где нужна максимальная концентрация. Дарите надежду, когда ее особенно не хватает.

Сегодня мы говорим спасибо всем, кто посвятил себя медицине –врачам, медицинским сестрам, фельдшерам, санитаркам, лаборантам, преподавателям медицинских вузов, ученым и всем специалистам системы здравоохранения.

Если это видео откликнулось вам, поддержите наших медицинских работников - поделитесь им на своей странице.

Ұлт саулығы – Ел болашағы!

ДеньМедицинскогоРаботника

МедицинаҚызметкерлеріКүні

МеніңСүйіктіДәрігерім

СпасибоВрачам

ДәрігерлергеМыңАлғыс

Әуедегі әрбір сәт – өмір үшін мүмкіндік: медициналық авиация дәрігерінің оқиғасы

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Медициналық авиация департаментінің дәрігері Борис Валерьевич Сартаев жұмысы туралы айтып берді.

Қызметкерлер күн сайын маңызды миссияны атқарады. Шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсету, пациенттерді елдің ең шалғай аймақтарына және шетелден жеткізуді қамтамасыз етеді. Олардың кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында жүздеген пациент өмірлік маңызды сәттерде қажетті көмекті алады.

Медициналық авиация — бұл жоғары жауапкершілік, жедел шешім қабылдау және тәулік уақыты мен қашықтыққа қарамастан кез келген жағдайда жұмыс істеуге дайындық.

Олардың еңбегі — аман қалған сан түрлі өмір, науқастар мен олардың жанұялары үшін үміт пен сенім.

Медицина қызметкерлеріне еңбегі, кәсібилігі және өз ісіне адалдығы үшін алғыс білдіреміз!

Каждая минута в небе — возможность спасти жизнь: история врача медицинской авиации

В преддверии Дня медицинского работника врач Департамента медицинской авиации Национального координационного центра экстренной медицины Борис Валерьевич Сартаев рассказал о своей работе.

Сотрудники службы ежедневно выполняют важную миссию — обеспечивают своевременную экстренную медицинскую помощь, доставку пациентов в самые отдалённые регионы страны и из-за рубежа. Благодаря их профессионализму и слаженной работе сотни пациентов получают необходимую помощь в критически важные сроки.

Медицинская авиация — это высокая ответственность, быстрые решения и готовность работать в любых условиях, вне зависимости от времени суток и расстояний.

Их труд — это спасённые жизни, надежда и уверенность для пациентов и их семей.

Благодарим медицинских работников за их труд, профессионализм и преданность своему делу!

МеніңСүйіктіДәрігерім

МойЛюбимыйДоктор

ДеньМедицинскогоРаботника

МедицинаҚызметкерлеріКүні

Күн сайын Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында бөлімше дәрігерлері мыңдаған адамның өмірін сақтап, аса күрделі операциялар жүргізеді, емдеудің заманауи әдістерін енгізіп, мыңдаған пациенттің өмір жолын жалғастыруына көмектеседі.

Медицина қызметкері күні қарсаңында – өз өмірін адам денсаулығы мен амандығына арнаған жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Ежедневно в КазНИИОиР врачи отделения спасают тысячи жизней, проводят сложнейшие операции, внедряют современные методы лечения и помогают тысячам пациентов продолжать свой путь.

В преддверии Дня медицинского работника — слова благодарности тем, кто посвятил свою жизнь служению людям.

Әр шаңыраққа жақын дәрігер: ауыл медицинасының жанашыры

“Менің сүйікті дәрігерім” айдарынының келесі кейіпкері – Жамбыл облысының Талас аудандық орталық көпбейінді ауруханасына қарасты Есейхан дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Бекжан Мырзағұлов. Ол өз ісіне адал, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп жүрген білікті маман, барлық ауыл тұрғындарының алғысын арқалаған абзал жан. Күн сайын тұрғындарды қабылдап, аурулардың алдын алу және емдеу жұмыстарын жүргізіп, халықтың сеніміне ие болып келеді.

Бекжан Мырзағұлов ауылдағы әр жанұяның жағдайын біліп, ауыл медицинасына еңбек етіп келе жатқанына тоғыз жылдың жүзі болған. Мұндай медицина мамандарының еңбегі әрдайым құрмет пен алғысқа лайық.

Врач, близкий каждой семье: на страже здоровья села

Героем очередного выпуска рубрики “Мой любимый доктор” – врач Есейханской врачебной амбулатории центральной многопрофильной больницы Таласского района Жамбылской области Бекжан Мырзагулов. Преданный своему делу специалист ежедневно трудится на благо сельских жителей, вносит значимый вклад в развитие первичной медико-санитарной помощи.

Благодаря высокому профессионализму, внимательному отношению к пациентам и искренней заботе о людях он заслужил уважение и признательность населения. Доктор ежедневно ведёт приём, проводит профилактическую работу, занимается диагностикой и лечением заболеваний, укрепляя доверие жителей к системе здравоохранения.

Нужно отметить, Бекжан Мырзагулов хорошо знаком с ситуацией практически в каждой сельской семье и уже девять лет посвящает себя развитию сельской медицины. Его труд — пример самоотверженности и высокой ответственности, а вклад в охрану здоровья населения заслуживает искреннего уважения и благодарности.

ГОСПИТАЛЬДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕЛЕРІ: ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҰТЫМДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЕСЕБІНЕН 3,5 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде елдегі стационарларда клиникалық фармакология және госпитальдық фармация бөлімшелерін ашу нәтижелері, сондай-ақ медициналық ұйымдарда осы қызметті одан әрі дамыту шаралары қаралды.

2024–2025 жылдардың қорытындысы бойынша стационарларда дәрілік заттарды басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуден алынған экономикалық тиімділік шамамен 3,5 млрд теңгені құрады.

Бүгінде клиникалық фармакология және госпитальдық фармация қызметінің жұмысы дәрілік препараттарды тағайындауды, есепке алуды және қолдануды бақылауға, дәрілік қателіктердің алдын алуға, жағымсыз реакциялар қауіптерін төмендетуге және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға бағытталған.

Бұл қызметтің жұмысы бір пациентке көптеген дәрілік заттарды негізсіз тағайындау тәжірибесі болып табылатын полипрагмазиямен күресуде ерекше маңызға ие. Мұндай жағдай асқынулар қаупін арттырып, емдеу нәтижелеріне кері әсер етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда клиникалық фармакология және госпитальдық фармацияның 142 бөлімшесі жұмыс істейді. Оларды енгізу жұмыстары ең белсенді түрде Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Атырау, Қызылорда және Алматы облыстарында жүргізілуде.

Қызметтің негізгі бағыттарының бірі – бактерияға қарсы препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз ету. Мамандардың бағалауынша, антибиотиктермен емдеудің 30-50 пайызы дәрілік заттарды негізсіз тағайындаумен байланысты болуы мүмкін. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің шығыстарын арттырып қана қоймай, микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігінің дамуына ықпал етеді. Бұл құбылыс қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жаһандық қатерлердің бірі ретінде танылған.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова клиникалық фармакология қызметін дамыту бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселесі ғана емес, ең алдымен пациенттердің қауіпсіздігі мәселесі екенін атап өтті.

«Әңгіме тек бюджет қаражатын үнемдеу туралы ғана емес, сонымен қатар дәрілік қателіктердің алдын алу, асқынулар санын азайту және емдеу сапасын арттыру туралы болып отыр. Тиімділігі дәлелденгеніне қарамастан, соңғы үш жылда стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың небәрі 34,1 пайызында ғана тиісті бөлімшелер құрылды», – деді министр.

Жаңа модельдің практикалық тиімділігі нақты медициналық ұйымдардың нәтижелерімен де дәлелденуде.

Мәселен, Астана қаласының №1 көпбейінді қалалық ауруханасында госпитальдық фармация бөлімшесі құрылғаннан кейін дәрілік заттардың қозғалысын толық есепке алу жүйесі ұйымдастырылып, оларды пайдалануды бақылау автоматтандырылды және дәрілік тағайындауларға күнделікті фармацевтикалық аудит енгізілді.

Аурухананың директоры Ербол Сәрсенбаевтың айтуынша, бөлімшенің алғашқы жұмыс жылының өзінде экономикалық тиімділік 340 млн теңгені құрады. Сонымен қатар жағымсыз жанама реакциялар саны 60 пайызға, дәрілік қателіктер саны 45 пайызға азайып, пациенттердің шағымдары мен наразылықтары 30 пайызға төмендеген.

Госпитальдық дәріхананың рөлінің өзгеруі де маңызды нәтижелердің бірі болды. Бүгінде провизорлар медициналық көмектің барлық кезеңдерінде дәрілік терапияны бақылауды қамтамасыз ете отырып, емдеу процесінің толыққанды қатысушыларына айналды.

Препараттарды арнайы бокстарда орталықтандырылған түрде дайындау және дәрілік заттарды госпитальдық фармация қызметі арқылы тарату жүйесін ұйымдастыру мейіргерлерді күнделікті қайталанатын жұмыстардың бір бөлігінен босатып, пациенттерге тікелей күтім көрсетуге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік берді.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармалары мен республикалық клиникалардың қатысуымен өткен аппараттық кеңестің қорытындысы бойынша министр клиникалық фармакология қызметін дамыту жөніндегі Жол картасының сөзсіз орындалуын қамтамасыз етуді, елдің барлық стационарларында клиникалық фармакология және госпитальдық фармация бөлімшелерін ашу жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ қызметтің нормативтік-құқықтық базасын және кадрлық қамтамасыз етілуін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

ОТДЕЛЕНИЯ ГОСПИТАЛЬНОЙ ФАРМАЦИИ: ЗА СЧЕТ РАЦИОНАЛЬНОГО УПРАВЛЕНИЯ ЛЕКАРСТВАМИ СЭКОНОМЛЕНО 3,5 МЛРД ТЕНГЕ

В Министерстве здравоохранения рассмотрены результаты открытия отделений клинической фармакологии и госпитальной фармации в стационарах страны, а также дальнейшие меры по развитию этой службы в медицинских организациях.

По итогам 2024–2025 годов экономический эффект от внедрения современных подходов к управлению лекарственными средствами в стационарах составил порядка 3,5 млрд тенге.

Сегодня деятельность клинической фармакологии и госпитальной фармации направлена на контроль назначения, учета и применения лекарственных препаратов, предупреждение медикаментозных ошибок, снижение рисков нежелательных реакций и рациональное использование бюджетных средств.

Особое значение работа службы приобретает в вопросах борьбы с полипрагмазией – практикой необоснованного назначения большого количества лекарственных средств одному пациенту, что повышает риск осложнений и негативно влияет на результаты лечения.

На сегодняшний день в Казахстане функционируют 142 отделения клинической фармакологии и госпитальной фармации. Наиболее активно работа по их внедрению ведется в Астане, Шымкенте, Атырауской, Кызылординской и Алматинской областях.

Одним из ключевых направлений деятельности является обеспечение рационального применения антибактериальных препаратов. По оценкам специалистов, от 30 до 50 процентов случаев антибиотикотерапии могут быть связаны с необоснованным назначением лекарственных средств. Это не только увеличивает расходы системы здравоохранения, но и способствует развитию устойчивости микроорганизмов к антибиотикам, что признано одной из глобальных угроз общественному здоровью.

Министр здравоохранения Акмарал Альназарова подчеркнула, что развитие службы клинической фармакологии является не только вопросом эффективного расходования средств, но прежде всего вопросом безопасности пациентов.

«Речь идет не только об экономии бюджетных средств, но и о предотвращении медикаментозных ошибок, снижении количества осложнений и повышении качества лечения. Несмотря на доказанную эффективность, за последние три года соответствующие подразделения созданы лишь в 34,1 процента медицинских организаций, оказывающих стационарную помощь», – отметила министр.

Практическая эффективность новой модели уже подтверждается результатами конкретных медицинских организаций.

Так, в городской многопрофильной больнице №1 города Астаны после создания отделения госпитальной фармации был организован полный учет движения лекарственных средств, автоматизирован контроль их использования и внедрен ежедневный фармацевтический аудит назначений.

По словам директора больницы Ербола Сарсенбаева, только за первый год работы экономический эффект составил 340 млн тенге. При этом количество нежелательных побочных реакций снизилось на 60 процентов, число медикаментозных ошибок сократилось на 45 процентов, а количество жалоб и претензий пациентов уменьшилось на 30 процентов.

Важным результатом стало и изменение роли госпитальной аптеки. Сегодня провизоры являются полноценными участниками лечебного процесса, обеспечивая контроль лекарственной терапии на всех этапах оказания медицинской помощи.

Централизованное разведение препаратов в специализированных боксах и организация распределения лекарственных средств через службу госпитальной фармации позволили освободить медицинских сестер от части рутинной работы и дать им возможность уделять больше времени непосредственному уходу за пациентами.

По итогам аппаратного совещания с участием региональных управлений и республиканских клиник, министр поручила обеспечить безусловное исполнение Дорожной карты по развитию службы клинической фармакологии, активизировать открытие отделений клинической фармакологии и госпитальной фармации во всех стационарах страны, а также подготовить предложения по совершенствованию нормативной базы и кадровому обеспечению службы.

меніңсүйіктідәрігерім

Шұғыл травматологияда кәсібилік пен жеделдік екі есе маңызды. Академик Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы мамандары тәуліктің кез келген уақытында ондаған науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Осындай қарбалас жұмыс ырғағына қарамастан, дәрігерлеріміз әр пациентке жанашырлық танытып, қолдау көрсетуге уақыт табады.

Өз оқиғасымен пациент Елена бөліседі. Ол дер кезінде көрсеткен көмегі, жоғары кәсіби біліктілігі және науқасқа күш-қуат беретін шынайы адамгершілік қарым-қатынасы үшін травматолог-ортопед Вахид Зибеир-оглы Гусейновқа шынайы алғысын білдіреді.

ҰҒТООдәрігерлеркүні

меніңсүйіктідәрігерім

В экстренной травматологии профессионализм и скорость важны вдвойне. В ННЦТО имени академика Батпенова в любое время суток экстренно поступают десятки пациентов, и даже в таком жестком ритме наши врачи находят место для душевного тепла.

Своей историей делится пациентка Елена. Она выражает искреннюю благодарность травматологу-ортопеду Вахиду Зибеир-оглы Гусейнову за своевременную помощь, высочайшую квалификацию и то самое человеческое отношение, которое дает силы встать на ноги.

деньмедиковННЦТО

меніңсүйіктідәрігерім

В экстренной травматологии профессионализм и скорость важны вдвойне. В ННЦТО имени академика Батпенова в любое время суток экстренно поступают десятки пациентов, и даже в таком жестком ритме наши врачи находят место для душевного тепла.

Своей историей делится пациентка Елена. Она выражает искреннюю благодарность травматологу-ортопеду Вахиду Зибеир-оглы Гусейнову за своевременную помощь, высочайшую квалификацию и то самое человеческое отношение, которое дает силы встать на ноги.

деньмедиковННЦТО

Дәрігердің жұмыс күні маңызды әрі сырғыған секундтардан басталады! ҚМУ клиникасының жас анестезиолог-реаниматологы Бекзат Балташ күн сайын жауапты жұмысында пациенттің дертке берілмеуі үшін жанынан табылады. Анестезиолог-реаниматолог болу - ұйқысыз түндерді саналы түрде таңдау, жауапкершіліктің орасан зор жүктемесі және адам өміріне байланысты жедел шешім қабылдау. Алайда, ауыр ауысымнан кейін науқас адам көзін ашып, өз бетінше тыныс алып: «Рахмет», - дегенде, барлық шаршағаны ұмытылады.

Его рабочий день начинается там, где секунды решают всё! Молодой анестезиолог-реаниматолог Клиники КМУ Бекзат Балташ каждый день заглядывает в бездну, но крепко держит своего пациента за руку, не позволяя ему туда упасть. Быть анестезиологом-реаниматологом — значит осознанно выбрать бессонные ночи, колоссальный груз ответственности и мгновенные решения, от которых зависит жизнь человека. Но когда после тяжёлой смены человек открывает глаза, делает первый самостоятельный вдох и тихо говорит: «Спасибо» — вся усталость растворяется.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАН ДОНОРЫ КҮНІ: ДОНОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШ БОЙЫНША АСТАНА, АЛМАТЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ КӨШ БАСТАП ТҰР

Жыл сайын 14 маусымда Дүниежүзілік қан доноры күні атап өтіледі.

Қазақстанда жыл сайын 200 мыңнан астам азамат қан доноры атанады. Донорлардың саны бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалалары алдыңғы орында. Бұл ірі қалаларда халық санының көп болуына байланысты қан мен донорларға деген қажеттіліктің де жоғары болуымен түсіндіріледі. Донорлардың азаматтық жауапкершілігі мен жанашырлығының арқасында еліміздің медициналық ұйымдары күн сайын операциялар жүргізуге, онкологиялық ауруларды емдеуге, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге, ауыр жарақат алған пациенттер мен жаңа туған нәрестелерге көмек көрсету үшін қажетті қан компоненттерімен қамтамасыз етіледі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша республикада қан мен оның компоненттерінің 255 255 донациясы жүзеге асырылды. Бұл көрсеткіш азаматтардың жоғары әлеуметтік жауапкершілігін және қан қызметінің тұрақты дамуын айғақтайды.

Донорлық қозғалыста құрметті донорлардың орны ерекше. Олар – қан мен оның компоненттерін 50 реттен астам тапсырған азаматтар. Олардың өтеусіз донорлықты дамытуға және адам өмірін сақтап қалуға қосқан үлесінің маңызы орасан зор.

Қарапайым, жанашыр әрі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары азаматтар қатарындағы құрметті донорлар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградасымен марапатталды.

Жалпы, еліміздегі донорлық қозғалыс тұрақты әрі жүйелі сипатқа ие. Қазақстанда жыл сайын 180 мыңнан астам азамат донор болып, 255 мыңнан астам донация жасайды. Бұл жыл сайын 80 мыңнан астам пациентті сапалы қан құю қызметімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, олардың өмірін сақтап қалуға және сауығуына үлкен мүмкіндік береді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес медициналық тексеруден өту және қан мен оның компоненттерін тапсыру күндері донор болып табылатын қызметкер жұмыс берушінің тарапынан жұмыстан босатылады және оған орташа жалақысы сақталады.

Қан орталықтарының мәліметінше Дүниежүзілік қан доноры күні – тек донорларға арналған мереке ғана емес, сонымен қатар қоғам назарын ерікті әрі өтеусіз донорлық мәселелеріне аударуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

ВСЕМИРНЫЙ ДЕНЬ ДОНОРА КРОВИ: ЛИДЕРАМИ ПО КОЛИЧЕСТВУ ДОНАЦИЙ СТАЛИ АСТАНА, АЛМАТЫ И ШЫМКЕНТ

Ежегодно 14 июня отмечается как Всемирный день донора крови.

Более 200 тысяч граждан Казахстана ежегодно становятся донорами крови. Наибольшее количество доноров наблюдается в Астане, Алматы и Шымкенте. Это связано с тем, что в крупных городах чем больше население, тем больше потребность в крови и донорах. Благодаря их неравнодушной позиции медицинские организации страны ежедневно обеспечиваются жизненно необходимыми компонентами крови для проведения операций, лечения онкологических заболеваний, оказания помощи пострадавшим в ДТП, пациентам с тяжёлыми травмами и новорождённым.

По итогам 2025 года в республике проведено 255 255 донаций крови и ее компонентов, что свидетельствует о высокой социальной ответственности граждан и устойчивом развитии службы крови.

Особое место в донорском движении занимают почётные доноры — граждане, которые сдали кровь и её компоненты более 50 раз. Их вклад в развитие безвозмездного донорства и спасение человеческих жизней трудно переоценить.

Почетные доноры, в числе которых обычные неравнодушные и социально-ответственные люди, отмечены ведомственными наградами Министерства здравоохранения Республики Казахстан «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін».

В целом донорское движение в стране имеет устойчивый системный характер. Ежегодно донорами в Казахстане становятся свыше 180 тысяч граждан, которые совершают более 255 тысяч донаций. Это позволяет обеспечивать качественное переливание крови для более чем 80 тысяч пациентов каждый год, предоставляя им главный шанс на жизнь и выздоровление.

Согласно Кодексу о Здоровье народа и системе здравоохранения в дни медицинского обследования и донации крови и ее компонентов работник, являющийся донором, освобождается от работы работодателем с сохранением за ним средней заработной платы

Центр крови отмечают, что Всемирный день донора крови является не только праздником доноров, но и важной площадкой для привлечения внимания общества к вопросам добровольного и безвозмездного донорства.

БАЛАҒА АЗ МӨЛШЕРДЕ, ЖИІ СУ БЕРУ КЕРЕК

Жұқпалы ішек аурулары кезінде ағзаның сусыздануын болдырмау маңызды. Су аз мөлшерде, бірақ жиі берілгені дұрыс. Себебі сусызданған ағза ауруға қарсы тұру қабілетін жоғалтады.

Бұл туралы Астана қаласындағы №3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы бөлім меңгерушісі Абайхайдар Нұрлан сұхбатында айтты. Назарларыңызға ұсынамыз.

Даулетова Гүлжамал еңбек жолындағы 30 жылдық жолында денсаулық сақтау жүйесінде жауапты қызметтер атқарып, неврология саласының білікті маманы ретінде танылды. Қазіргі уақытта Меркі аудандық орталық көпбейінді ауруханасының неврология бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарады.

Көпжылдық адал еңбегі үшін 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен, 2021 жылы «Шапағат» медалімен және бірқатар марапаттармен наградталған.

МеніңСүйіктіДәрігерім

Международная конференция по вопросам доказательной медицины и ПМСП пройдет в Астане

Астанада дәлелді медицина және МСАК мәселелері бойынша халықаралық конференция өтеді

Telegram

Instagram

Facebook